Ақмола облысында 8 ауданында, 2 ауыл, 12 ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өткізіледі.
Бұл ретте 10 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 4 әкім өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайланады (2 – денсаулық жағдайы бойынша, 1-жұмыс орнын өзгеруіне байланысты, 1- қайтыс болуына байланысты).
49 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 10 (20.4%); өзін-өзі ұсыну арқылы - 39 (79,6%).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен 4 кандидат, 2 кандидат тіркеуге дейін ұсыну туралы өтінішті кері қайтарып алу туралы жеке өтініші бойынша.
Барлығы 43 кандидат тіркелді, оның ішінде 9 (20.9%) – «АМАНАТ»
саяси партиясынан, өзін-өзі ұсыну арқылы - 34(79,1%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,1 адамды құрайды.
43 үміткердің 14-і (32,5%) -әйелдер.
Үміткерлердің 22 – белсенді мемлекеттік қызметші, 5 – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері,
11 – бюджеттік саланың қызметкері, коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері-3, уақытша жұмыс істемейтін-2.
Орташа жас – 42,8 жаста болса, ең кішісі-30 жаста, ең үлкені -58 жаста.
Кандидаттардың 36(83,7%) үміткер ауданда басқа ауыдық округтерінде тұрады, 7 (16,3%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерде тұрады.