Ақмола облысының 2025 жылғы қаңтар-наурыздағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.03.2025ж. халық саны – 787,4 мың адам, оның ішінде қалалық - 451,6 мың адам (57,4%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.

Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,6%, орыстар – 26,5%, басқалар – 16,9%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 553,3 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2024 жылғы деңгейге 104,6%.

2025 жылы Бірыңғай индустрияландыру картасы шеңберінде 722 жұмыс орнын құра отырып, 9,7 млрд. теңгеге 7 жобаны іске асыру жоспарлануда.

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
    72 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2024 жылдың деңгейіне 107,1%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
    60 мың бірлікті құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 2,1%-ға жоғары.

2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 8,6 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 7,7 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 276,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 428,1 млн. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
    8,1%-ға төмендеп, 87 млрд. теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 35,6 млрд. теңгеге дейін  ұлғайды немесе 2024 жылғы көрсеткішке қарағанда 1,8 есе.

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2024 жылы) - 4,6% (19,4 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,1%
    (2024 жылы). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (103,7 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (421,3 мың адам) 24,6%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда 329,2 мың теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 9,8%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 104,4%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 105,2%-ды құрады.

  1. 2025 жылға арналған облыс бюджеті - 696,3 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 64,8%).

2025 жылдың 1 сәуіріне 140,7 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 94,9% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 141 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 111,2%, оның ішінде республикалық бюджетке – 84,5 млрд. теңге (болжамға 101,7%), жергілікті – 56,5 млрд. теңге (болжамға 129,1%) түсті.

  1. 2025 жылы әлеуметтік салаға 361,3 млрд. теңге (облыс бюджетінің 51,9%), оның ішінде білім беруге – 277,8 млрд. теңге (39,9%), денсаулық сақтауға – 17,8 млрд. теңге (2,6%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 94,4%.

Білім саласында Сандықтау (Петровка а.), Біржан сал
(Бұланды а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында 240 орынға мектептердің құрылысы аяқталу сатысында.

Степногорск (Бестөбе а.) және Көкшетау қалаларында
2 мектептің, сондай-ақ Қосшы және Көкшетау қалаларында және Целиноград ауданында (Қараөткел а.) 3 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

Денсаулық сақтау саласында Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аурухана құрылысы жалғасуда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде 10 нысанның құрылысы жалғасуда (4 дәрігерлік амбулатория: Астрахан ауданының Старый Колутон, Аршалы ауданының Арнасай, Жарқайың ауданының Пятигорское, Целиноград ауданының Жанаесиль; 5 ФАП: Буланды ауданының Партизанка және Алтынды, Жақсы ауданының Кировское, Целиноград ауданының Жарлыколь, Шортанды ауданының Пригородное;
1 медициналық пункт: Целиноград ауданының Шалкар ауылдарында)
.

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 99%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу - 96,6%.

2025 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 24,3 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 40 объектінің құрылысына (9,5 млрд. теңге) және 44 объектіні қайта жаңартуға
(12,1 млрд. теңге), 7 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (341,4 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (769,9 млн. теңге), 12 объектіні ағымдағы жөндеуге (560,2 млн. теңге,), 41 КБМ (1 млрд. теңге) орнатуға бағытталды.

9. Қоғамдық қауіпсіздік.

2025 жылғы қаңтар-наурызда ауыр қылмыстардың 2,7 есеге төмендегені байқалды, олардың ашылуы 40%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 36,4%-ға ұлғайды, олардың ашылуы
90,5%-ды құрады.

 

Дата публикации
21 апреля 2025