Қазақстан Республикасы ОСК қаулысына қосымша

 

Облыстық сайлау комиссиясының  

2020 жылғы 22 қазандағы

№ 24/105 қаулысына қосымша

 

 

2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

 

 1.  Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округін құру және оның шекаралары мен облыстық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жерін облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей

 (ст. 14-б. 6) тт., 22-б)

 

2.              Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2020 жылғы 31 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т.)

 

3.              Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн мерзімде

2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей

 (23-б. 5-т.)

 

4.               Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2020 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей

(17-б. 2-т.)

 

 

 

5. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсыну

 

Саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы

Ол екі ай бұрын басталады және сайлау тағайындалған кезде белгіленген мерзімде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(103 –т.)

6.              Партиялық тізімді облыстық аумақтық сайлау комиссиясына, саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басшы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзіндіні, азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтінішімен бірге және тіркеу үшін басқа да қажетті құжаттарды ұсыну

 

Саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі)

2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(103-б. 3, 4,5-т.)

 

7.              Партиялық тізімдерге енгізілген облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

саяси партия партиялық тізімді ұсынғаннан кейін

(102-б)

 

8.              2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы))

Партиялық тізім тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

 

9.              Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы екі ай бұрын басталып, сайлауды тағайындау кезінде белгіленген мерзімде аяқталады

2020 жылғы 10 қарашада басталып, 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

 

 

10.            Қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хаттамаларды облыстық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

(104-б. 5-т.))

11.            Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Партиялық тізімдер тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей

(104-б. 6-т. 1) тт.)

 

12.            Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Саяси партия тіркеу үшін сенім білдірілген адамдардың тізімін ұсынғаннан кейін

(14-б. 8) тт., 31-б)

 

13.            Партиялық тізімге енгізілген кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған кірістері мен мүлкі туралы мәліметтердің анықтығын тексеру

 

Мемлекеттік кірістер департаменті

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.)

 

14.            Саяси партиялардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Партиялық тізім тіркелгеннен кейін

(34-б. 6-т.)

 

15.            Бұқаралық ақпарат құралдарында саяси партиялардың арнайы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "сайлау қорлары қаражатын жұмсау Ережесін бекіту туралы" 1999 жылғы        7 тамыздағы № 19/222 қаулысына сәйкес айына екі рет (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 20 тамызда  № 870 болып тіркелді)

16.            Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар, қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін, 2020 жылғы 10 желтоқсанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

17.            Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

Жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады

2020 жылғы 10 желтоқсанда және 2021 жылғы 9 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 (27-б. 2-т.)

 

18.            Саяси партиялардың кандидаттары мен сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесулері үшін Үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда бұқаралық ақпарат құралдарында кездесулері кестесін жасау және жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б 4-т.)

 

19.            Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2020 жылғы 21 желтоқсанға дейін

(26-1-б. 1-т.)

 

20.            Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2020 жылғы 26 желтоқсанға дейін

(26-б. 1-т.)

 

 

21.            Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күннен кемінде он күн бұрын

2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін

(18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.)

22.            Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың өзге уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлауға дейін жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 3 қаңтарға дейін

 (38-б. 1-т, 3-т.)

 

23.            Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және оған кемінде бір күн қалғанда

2021 жылғы 7 қаңтардан ерте емес және 9 қаңтарға дейін 

(37-б.-б.-т.)

 

24.            Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Егер дауыс беруді бастайтын өзге уақыт белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

( 40б 1-т.

 

25.            Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

26.            Сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың өзге уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

(18-б. 8) тт., 43-б.)

 

27.            Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін жалпы жұрттың танысуы үшін сайлау учаскесінің үй-жайында арнайы белгіленген орынға ілу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

28.            Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық және қалалық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(108-б. 1-т.)

 

 

 

29.            Облыстық сайлау комиссиясына облыстық мәслихат депутаттарын сайлау барысында дауыс беру нәтижелері жөніндегі хаттамаларды ұсыну

Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссиялары

комиссия

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

                       (108-б. 3-т.)

 

 

30.            Партиялық тізімдер бойынша сайланатын облыстық мәслихат депутаттарын сайлау нәтижелерін анықтау

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күн мерзімнен кешіктірмей.

2021 жылғы 12 қаңтардан кешіктірмей

(14-б. 9) тт., 44-б. 2-т., 108-б. 3-т.)

 

31.        Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындыларын анықтау

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірмей

2021 жылғы 15 қаңтардан кешіктірмей

(111-б. 1-т.)

32.        Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

                                   

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2021 жылғы 17 қаңтардан кешіктірмей

(14-б. 9) тт., 44-б. 4-т. 2) тт.)

 

33.        Облыстық мәслихаттың сайланған депутаттарын тіркеу және әрбір депутатқа куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсыру

                       Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 (14-б. 9) тт., 46-б. 3-т. 1) тт., 112-б. 1-т.)

 

 

 

34.        Облыстық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау қорлары қаражатының пайдаланылуы туралы есептер беру

 

 

Саяси партиялар

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей

 (34-б. 9-т.)

 

35.        Саяси партиялардың сайлау қорларына түскен ақшаның жалпы сомасы және олардың көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он күн ішінде

(34-б. 4-т.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтеме жасалады.

Дата публикации
28 октября 2020