Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 44 343,2 млн. теңгені (НКИ – 106,8%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 516,9 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 43 820,5 млн. теңге (НКИ – 106,8%) құрады.

Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтар-ақпанда 3,6 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 624,9 млн. теңгені құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,3% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,4 мың адам (2024 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2024 жылдың 4-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 332,1 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда – 288,4 мың теңге немесе 114,1%).

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау

АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2025 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 63,2 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 26,6 млрд. теңге (пестицидтер – 9 687,5 млн. теңге, тыңайтқыштар – 15 171,4 млн. теңге, тұқымдар– 1 235,0 млн. теңге, басым дақылдар – 500 млн. теңге);

-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,7 млрд. теңге;

- қаржы құралдары – 30,3 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар –       21 014,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 9 245,3 млн. теңге, қарыздарға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде-86,76 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,6 млрд. теңге.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2025 жылғы қаңтар-ақпанда АШТӨ барлығы 0,7 млрд. теңге сомасына 25 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

- астық жинау комбайндары – 160,9 млн. теңге сомасына 2 бірлік;

- тракторлар – 96,6 млрд. теңге сомасына 8 бірлік;

- өзге де техникалар – 443,5 млн. теңге сомасына 15 бірлік.

Мал шаруашылығы

2025 жылғы қаңтар-ақпан айларында облыста тірі салмақтағы ет 33,3 мың тонна (108,8%), сүт – 23,5 мың тонна (103,3%), тауық жұмыртқасы – 99,5 млн. дана (104,7%) өндірілді.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 407,6 мың басты (2024 жылдың ұқсас кезеңіне 100,8%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 185,6 мың бас (99,1%).

Жылқылардың саны 258,7 мың басты (107,4%), құстар – 9890,2 мың басты (110,3%) құрады.

Қой мен ешкі саны 632,0 мың басты (111,2%), шошқа – 45,8 мың басты (84,5%) құрады.

2025 жылы инвестициялық жобаларды іске асыру

2025 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 46,5 млрд. теңгеге 20 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:

- сүт өндіру бойынша-22,8 млрд. теңге сомасына 5 жоба;

- егістіктерді суару бойынша-10,3 млрд. теңге сомасына 7 жоба;

- ет өндіру бойынша 0,7 млрд. теңге сомасына 1 жоба;

- АШ өнімдерін қайта өңдеу бойынша-6,1 млрд. теңге сомасына 2 жоба;

- астық сақтау бойынша-6,5 млрд. теңге сомасына 5 жоба.

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;        

- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 1365,8 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;

- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында 44,3 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға өсті.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 46,1%, сүт – 21,4%, өсімдік майы – 11,6%, астық өңдеу – 9,8%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 1,9%, өзге салалар – 9,2% алады.

Етті қайта өңдеу

Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 15,6 мың тонна ет өндірді, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 13,5% - ға өсті, шұжық өнімдері - 532 тонна 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 8,6% - ға өсті.

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 21,3 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 13,1% - ға өсті, сары май 360 тонна немесе 15,4% - ға өсті, ірімшік және сүзбе – 222 тонна, ашымал сүт өнімдері – 1453 тонна өндірілді немесе 7,2% - ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 14,8 мың тоннаны құрады, 2024 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 3,2% - ға өсті,.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 34,9 мың тонна өндірілді өткен жылдың деңгейінде.

Дата публикации
26 марта 2025