Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау

2025 жылғы 1 наурызға әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімінде Ақмола облысының 33 кәсіпкері тіркелген (а. ж. өзектендіру қорытындылары бойынша мәліметтер), оның ішінде:

- бірінші санат бойынша – 1 кәсіпкер;

- екінші санат бойынша – 1 кәсіпкер;

- үшінші санат бойынша – 16 кәсіпкер;

- төртінші санат бойынша – 15 кәсіпкер.

Ақмола облысында 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен ШОК субъектілеріне қаржылық қолдау

Ақмола облысында су тасқыны салдарынан 28 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті.

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидаларына сәйкес Ақмола облысындағы су тасқыны салдарынан бизнес субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындарды өтеу туралы өтініштерді қарау жөніндегі өңірлік комиссия құрылды (29.04.2024 ж. облыс әкімдігінің қаулысы).

 2024 жылғы 22 мамыр мен 2024 жылғы 4 желтоқсан аралығында өңірлік комиссия Ақмола облысында су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың орнын толтыру туралы 28 өтінішті қарады, оның ішінде өңірлік комиссия мүшелері бірауыздан жалпы сомасы 153,3 млн.теңгеге 27 бизнес субъектісіне мүліктік шығындардың орнын толтыру туралы оң шешім қабылдады.

2024 жылғы 13 желтоқсанға 27 кәсіпкерге 153,3 млн. теңге сомасында өтемақы төленді.

Анықтама: 22 бизнес субъектісіне 139,6 млн. теңге сомасында залал РБ қаражаты есебінен өтелді, 5 бизнес субъектісіне 13,7 млн. теңге сомасында залал Көкшетау қаласы, Целиноград ауданы әкімдігінің және бюджеттен тыс қордың қаражаты есебінен өтелді.

1 бизнес субъектісіне өңірлік комиссия мүшелері бірауыздан бас тарту туралы шешім қабылдады (Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі).

Дата публикации
20 марта 2025