«Бірыңғай кешенді бағдарлама» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы

2025 жылғы қаңтар-ақпанда жалпы сомасы 4990,1 млн. теңгеге 45 жоба мақұлданды (2024 жылғы ұқсас кезеңге 84,9%).

2025 жылы шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуды іске асыруға 8 590,596 млн. теңге (РБ – 5 651,0 млн. теңге, ЖБ – 2 939,596 млн. теңге) бөлінді, оның ішінде:

- субсидиялауға 7 697,161 млн. теңге бөлінді (РБ – 5 651,0 млн.теңге, ЖБ – 2 046,161 млн. теңге);

3939,2 млн. теңге кредит сомасына 32 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды, 1022,9 млн. теңге сомасына субсидиялар төленді;

- кредиттерге кепілдік беруге 276,333 млн. теңге бөлінді (ЖБ – 276,333 млн. теңге) 622,8 млн. теңге кредит сомасына кредиттер бойынша 10 кепілдік берілді, кепілдіктер сомасы 242,9 млн. теңгені құрайды;

- гранттық қаржыландыруға 189 млн. теңге (ЖБ – 189,0 млн. теңге) байқау а.ж. шілде-тамыз айларына жоспарланған.;

- инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге 3 жоба бойынша 428,102 млн.теңге (ЖБ – 428,102 млн. теңге) бөлінді.

«Central Place» ЖШС жобалары бойынша:

блок - модульдік трансформаторлық қосалқы станция – 285,742 млн. теңге (ЭТҮКШБ);

электрмен жабдықтау – 56,723 млн. теңге (ЭТҮКШБ).

сумен жабдықтау және кәріз – 85,637 млн. теңге (ЭТҮКШБ).

Анықтама: 2024 жылы шағын және орта бизнесті қолдау мен дамытуды іске асыруға 11 199,116 млн. теңге (РБ – 7 546,43 млн. теңге, ЖБ – 3 652,686 млн. теңге) бөлінді, оның ішінде:

- субсидиялауға 9 824,827 млн. теңге бөлінді (РБ – 7 163,43 млн.теңге, ЖБ – 2 661,397 млн. теңге);

34 236,9 млн. теңге кредит сомасына 680 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды, 9 824,8 млн. теңге сомасына субсидиялар төленді (100% игерілді);

- кредиттерге кепілдік беруге 659,333 млн. теңге бөлінді (РБ – 383,0 млн. теңге, ЖБ – 276,333 млн. теңге) 8 862,6 млн. теңге кредит сомасына кредиттер бойынша 258 кепілдік берілді, кепілдіктер сомасы 4 703,9 млн. теңгені құрайды (100% игерілді);

- гранттық қаржыландыруға 189 млн. теңге (ЖБ – 189,0 млн. теңге) 150,6 млн. теңге сомасына 32 жоба мақұлданды;

- инженерлік инфрақұрылымды жүргізуге 525,956 млн.теңге (ЖБ – 525,956 млн. теңге) бөлінді, 4 жоба бойынша 515,227 млн. теңге игерілді (98% игерілді).

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС жобалары бойынша:

су бұру – 165,7 млн. теңге (ЖБ, 100% игерілді (ҚС);

электрмен жабдықтау – 109,4 млн. теңге (ЖБ, 100% игерілді (ЭТҮКШБ).

«ЭкоЛюкс-АС» ЖШС (электрмен жабдықтау) – 235,8 млн. теңге (ЖБ, 100% игерілді (ЭТҮКШБ);

«Дихамбек» ШҚ (электрмен жабдықтау) – 15,1 млн.теңге (ЖБ, 4,3 млн. теңге игерілді немесе 28%, мердігердің орындалған жұмыстар актісін ұсынбауына байланысты, 10,7 млн. теңге игерілмеген (ЭТҮКШБ).

«Бизнестің жол картасы» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының қолданылу кезеңінде (2010 ж. бастап) жалпы сомасы 402,02 млрд. теңгеге  7 103 жоба мақұлданды (01.01.2010 ж. бастап 01.03.2025 ж. дейін), оның ішінде:

- сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша (1,2,3 бағыт, портфельдік) – 325,07 млрд. теңге кредит сомасына 4 639 жоба;

- ШОБ кредиттері бойынша кепілдіктер беру бойынша кредиттер сомасы 62,3 млрд. теңгеге барлығы 2 124 жоба мақұлданды, кепілдіктер сомасы 30,9 млрд. теңгені құрайды;

- гранттық қаржыландыру бойынша 1,0 млрд. теңге грант сомасына барлығы 276 жоба мақұлданды;

- жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу бойынша 13,650 млрд. теңге сомасына барлығы 64 жоба мақұлданды.

Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру есебінен 2010-2025 жылдар аралығында оның қатысушылары 7 556,802 млрд. теңге сомасына өнім өндірді, 647,3 млрд.теңге сомасына салық төленді және 36,8 мың жұмыс орны құрылды.

Дата публикации
20 марта 2025