Ақмола облысында бизнесті дамыту және қолдау мәселелері бойынша анықтама

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 64,593 мың бірлікті құрады   (2024 жылғы ақпанға 102,5%).

Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 59,802 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы ақпанға 102,1%).

Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,6 %-ды құрады.

2025 жылғы 1 наурызға ШОК субъектілерінің құрылымы:

- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 489 бірлік.

- жеке кәсіпкерлер – 43 801 бірлік.

- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 512 бірлік.

2025 жылғы қаңтар-ақпанда ШОК субъектілерінен 32,445 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 100,2%, салықтардың жалпы түсімінің 30,5%-ы).

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 148,765 мың адамды құрады (2023 жылдың ұқсас кезеңге 102,1%).

2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 403,838 млрд. теңгені құрайды (2023 жылғы ұқсас кезеңге 115,2%).

2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте ШОК-тің жалпы қосылған құны 748,0 млрд.теңгені немесе 28,3% -ды құрайды.

2025 жылдың қаңтар-ақпан айларында ШОК субъектілерінде 1358 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).

2025 жылғы қаңтарда ЕДБ ШОК субъектілеріне 10,7 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 100,0%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 30,7%-ы). Ауыл шаруашылығы саласындағы банк секторының кредиттері – 30,0%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өнеркәсіп саласында – 0,8%-ды құрайды.

Дата публикации
20 марта 2025