2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 64,363 мың бірлікті құрады (2024 жылғы қанңтарға 102,4%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 59,462 мың бірлікті құрайды (2024 жылғы қанңтарға 101,4%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,4%-ды құрады.
2025 жылғы 1 ақпанға ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 443 бірлік.
- жеке кәсіпкерлер – 43 504 бірлік.
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 515 бірлік.
2025 жылғы қаңтарда ШОК субъектілерінен 7,377 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2024 жылғы ұқсас кезеңге 169,7%, салықтардың жалпы түсімінің 26,0%-ы).
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 148,765 мың адамды құрады (2023 жылдың ұқсас кезеңге 102,1%).
2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1 403,838 млрд. теңгені құрайды (2023 жылғы ұқсас кезеңге 115,2%).
2024 жылғы қаңтар - қыркүйекте ШОК-тің жалпы қосылған құны 748,0 млрд.теңгені немесе 28,3% -ды құрайды.
2025 жылдың қаңтар айында ШОК субъектілерінде 734 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда ЕДБ ШОК субъектілеріне 158,2 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 93,7%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 29,6%-ы), оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында – 20,1%, қайта өңдеу өнеркәсібі саласында – 2,9%-ды құрайды.