Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылдың қаңтар айындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2025 жылдың қаңтар айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 20 701,5 млн. теңгені (НКИ – 99,9%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 249,2 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 20 449,6 млн. теңге (НКИ – 99,9%) құрады.

Облыста барлығы 8650 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1910 - заңды тұлғалар, 522 - жеке кәсіпкерлер, 6218 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2025 жылғы қаңтарда 2,6 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 300,3 млн. теңгені құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,3% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 400,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 85,4 мың адам (2024 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2024 жылдың 4-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 332,1 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,7% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда – 288,4 мың теңге немесе 114,1%).

Дата публикации
25 февраля 2025