Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Сандықтау аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2025 жылғы 5 қаңтардағы ауыл, кент, және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында 2025 жылдың 16 наурызға келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:
Астрахан ауданының –Колутон ауылдық округінің әкімін;
Атбасар ауданының –Мариновка ауылдық округінің әкімін;
Біржан сал ауданының – Степняк қаласының әкімін;
Сандықтау ауданының – Широков, Балқашин ауылдық округінің әкімін;
Сайлауды тағайындау туралы, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.