Аймақ аумағында: Щучье-Бурабай курорттық аймағы («Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі), Зеренді курорттық аймағы («Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі), «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі және Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан.
Облыста туристік қызметті жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 650-ден астам туризм саласының кәсіпорындары (389 орналастыру объектілері, 15 санаторий-курорттық мекемелер, 196 жол бойындағы сервис субъектілері, 76 турфирма (27 туроператорлық бейін, 49 турагенттік бейін) жұмыс істейді.
2023 жылдың қорытындысы туризмнің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамикамен сипатталады:
– өңірдің жалпы туристік ағымы 2022 жылға қарай 106% өсіммен 1348,7 мың адамды құрады (оның ішінде орналастыру орындарында тоқтағандар саны - 504,5 мың адам; санаторлы-курорттық ұйымдарда демалушылар – 33,6 мың адам; ұлттық парктерге келгендер саны – 847,5 мың адам);
– орналастыру орындары 123% өсіммен 21,1 млрд. теңге сомасына қызметтер көрсетті (2022 ж. - 17,2 млрд. теңге);
– 2023 жылы салық түсімдерінің көлемі 21% өсіммен 3,5 млрд. теңгені құрады (2022 ж. – 2,9 млрд. теңге);
– облыстың ЖӨӨ-дегі туризм үлесі 0,4 % (тұтыну саласын ескере отырып, 1,4%) құрайды.