«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.01.2025 - 05.02.2025
Қабылдау 1 этап: 06.02.2025- 10.02.2025
Қабылдау 2 этап: 12.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.02.2025- 15.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау
19.02.2025- 21.02.2025
Сұхбат: 26.02.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы сәулет және қала құрылысы кадастры бөлімінің бас маманы (№06-05).
Функционалдық міндеттері:
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешімдерді, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдерді беру жөнінде мемлекеттік қызметтер көрсетеді, мемлекеттік қала құрылысы кадастрын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі егжей-тегжейлі жол картасының орындалуын ұйымдастырады, елді мекендердің топогеодезиялық материалдарын әзірлеу және түзету жөнінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар дайындайды, қызметтік хат-хабарлармен жұмыс жүргізеді, ғибадат үйлері (ғимараттары), негізгі қызмет мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Білімі бойынша талап:
инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (құрылыс немесе геодезия және картография немесе сәулет немесе кадастр немесе жерге орналастыру) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.