«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.01.2025 - 05.02.2025
Қабылдау 1 этап: 06.02.2025- 10.02.2025
Қабылдау 2 этап: 12.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.02.2025- 15.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау
19.02.2025- 21.02.2025
Сұхбат: 26.02.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 282 693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және маркетингі бөлімінің бас маманы (№05-02).
Функционалдық міндеттері:
ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмелерінің, жәрмеңкелерінің өңірлік іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. Стендтер, слайдтар, баннерлер жасау. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жедел ақпарат қалыптастыру бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Бағдарламаны іске асыру және ішкі нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін азық-түлік астығын сату кезінде агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық компания шеккен шығыстарды өтеуді субсидиялау. Облыс әкімінің басқарма сайтында және Интернет-ресурстарында Басқарма құзыретіне жататын ақпаратты жаңарту, «инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсету.
Білімі бойынша талап:
ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия немесе аграрлық техника және технология) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық жүйелер немесе есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету немесе информатика) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.