Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану бөлімінің басшысы.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.01.2025 - 05.02.2025

Қабылдау 1 этап: 06.02.2025- 10.02.2025

Қабылдау 2 этап: 12.02.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.02.2025- 15.02.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

19.02.2025- 21.02.2025

Сұхбат: 26.02.2025

        Анықтама телефоны: 87162297231

        D-O-3 санат (блок А) үшін орташа лауазымдық жалақы: 327 923

        (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

  Ақмола облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетика және жылумен жабдықтау объектілерін пайдалану бөлімінің басшысы.

 

Функционалдық міндеттері:

бөлімнің құжат айналымын, жоғары тұрған органдар мен басқарма басшылығының тапсырмаларын сапалы және уақытында орындауды қамтамасыз ету бойынша жұмысын бақылау және ұйымдастыру. Облыстың энергетика, жылумен жабдықтау саласындағы басты және ағымдағы міндеттерін шешу жөніндегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың индикаторлары мен көрсеткіштерін әзірлеуге және келісуге қатысу, сондай-ақ жетекшілік ететін бөлімнің салаларын перспективалық дамыту мақсатындағы міндеттерін іске асыру. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салалық және стратегиялық бағдарламалық құжаттарды іске асырылуын үйлестіру және бақылауды ұйымдастыру. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша салалық қорытындыларды дайындау. Бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының игерілуін бақылау, энергия және жылумен жабдықтау саласында бюджеттік өтінімдерді дайындау және жоғары тұрған органдардың алдында қорғау. Облысты электр энергиямен, жылу энергиясымен, отынмен тұрақты қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастыру. Тұтынушыларға коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын және есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну қағидаларын әзірлеу. Жылу беру маусымына дайындық және оның өтуін бақылауды ұйымдастыру. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жаңа технологияларды енгізу мәселелерін шешуге қатысу. Электрмен және жылумен жабдықтау саласындағы объектілердің (инженерлік желілер) құрылысын іске асыруды сүйемелдеу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша іс-шараларға және өз құзіреті шегінде басқа да комиссияларға қатысу.

 

Білімі бойынша талап:

инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (жылу энергетикасы немесе электр энергетикасы немесе құрылыс немесе инженерлік жүйелер және желілер) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 января 2025