«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.01.2025 - 05.02.2025
Қабылдау 1 этап: 06.02.2025- 10.02.2025
Қабылдау 2 этап: 12.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.02.2025- 15.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
19.02.2025- 21.02.2025
Сұхбат: 26.02.2025
Анықтама телефоны: 87162297231
D-O-4 санат (блок В) үшін орташа лауазымдық жалақы: 243 700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мониторинг және бақылау бөлімінің бас маман-заңгер (№02-04).
Функционалдық міндеттері:
Басқарма қызметкерлеріне консультациялық құқықтық көмек көрсету. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Басқармаға келісуге ұсынылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, сондай-ақ басқарма тарапы болып табылатын шарттар мен келісімдердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу. Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы әзірлеуші болып табылатын заңға тәуелді актілердің мониторингін жүзеге асыру. Материалдарды, қорытындыларды дайындау және сот тәртібімен талқылауға жататын істер бойынша сотта, сондай-ақ қажет болған жағдайда Басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде басқа ұйымдарда Басқарманың мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну. Әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған жұмысқа қатысу. Заңнаманы қолдану мәселелері, сондай-ақ жаңадан қабылданған нормативтік актілер бойынша Басқармада құқықтық оқуды жоспарлау және ұйымдастыру. Басқарма көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылауды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтер бойынша есептерді жинақтау және жоғары тұрған органдарға ұсыну. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын орындау жөніндегі жұмысты үйлестіру, басқармада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпараттық материалдарды толтыру және жаңарту. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құжаттарды, Жоғары тұрған органдардың, басқарма басшылығының тапсырмаларын, жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін уақтылы және сапалы орындау.
Білімі бойынша талап:
бизнес, басқару және құқық саласында (құқықтану немесе халықаралық құқық немесе кеден ісі) саласында.
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне,
не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.