Ақмола облысында 601 мектепке дейінгі ұйымда 38623 бала (435 - мемлекеттік, 166 - жекеменшік, 272-балабақша, 329-мектеп жанындағы шағын орталықтар) мектепке дейінгі білім мен тәрбие алуда. 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту 94,4% құрайды
1-сыныпқа қабылданғанға дейін балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейін мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
Жас топтары оқу жылының басында мектепке дейінгі ұйымда күнтізбелік жылға толық жасқа толған балалардың жасын ескере отырып құрылады: мектепалды топ, мектептің (лицейдің, гимназияның) мектепалды сыныбы – 5 жастағы балалар. Мектепке дейінгі ұйымға жолдама беру кезінде балалардың жасы ағымдағы жылдың соңына дейін толық жасқа толған кезде ескеріледі (психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның тиісті ұсынымдарына сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балалардан басқа).
Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.
Жазғы каникул кезеңінде болашақ бірінші сынып оқушыларының бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін облыста оқу жылы басталар алдында «Білімге құмар» қысқа мерзімді мектепалды даярлық бағдарламасы ұйымдастырылды.