АӨК негізгі көрсеткіштері
Субсидиялау түріндегі 2024 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 46,4 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:
-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,4 млрд. теңге;
Өсімдік шаруашылығы
4696 мың га алаңда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бастырылды немесе егін жинау алаңының 100%, орташа өнімділігі 14,1 ц/га болған кезде 6602 мың тонна астық бастырылды.
Майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, зығыр, қыша, зімбір, соя) 258,5 мың га алаңынан 10,8 ц/га өнімділікте 276 мың тонна жиналды.
Картоп 7766,2 га алқаптан өнімділігі 177,1 ц/га болған кезде 137,5 мың тонна жиналды.
Көкөністер 1449,5 га алқаптан өнімділігі 132,8 ц/га болған кезде 19,2 мың тонна жиналды.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда АШТӨ барлығы 51,6 млрд. теңге сомасына 1458 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:
- астық жинау комбайндары – 26,3 млрд. теңге сомасына 271 бірлік;
- тракторлар – 13,6 млрд. теңге сомасына 383 бірлік;
- сепкіштер – 448,8 млн. теңге сомасына 271 бірлік;
- егіс кешендері – 2,4 млрд. теңге сомасына 19 бірлік;
- өзге де техникалар – 8,9 млрд. теңге сомасына 514 бірлік.
Мал шаруашылығы
Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 366,2 мың басты (2024 жылдың ұқсас кезеңіне 99,2%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 187,9 мың бас (102,2%).
Жылқылардың саны 241,9 мың басты (99,2%), құстар – 9051,8 мың басты (108,1%) құрады.
Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық
жобаларды іске асыру
- 560 млн. теңгеге астық қоймаларын салу бойынша 4 жоба;
- 15,3 млрд. теңгеге СТФ құру бойынша 5 жоба;
- 735 млн. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба;
- 12 млрд. теңгеге құс фабрикаларын құру бойынша 1 жоба;
- 0,6 млрд. теңгеге сұйық тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойма салу бойынша 1 жоба;
- 10,8 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 8 жоба;
- 3,8 млрд. теңге суару бойынша 5 жоба;
- 0,8 млрд. теңге сомасында жем-шөп өндіру бойынша 1 жоба.
Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу
Ақмола облысында:
- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;
- өндірістік қуаттылығы жылына 1365,8 мың тоннаны құрайтын 28 ұн тарту;
- кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсанда 252 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өсті.
Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 46,1%, сүт – 21,4%, өсімдік майы – 11,6%, астық өңдеу – 9,8%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 1,9%, өзге салалар – 9,2% алады.
Етті қайта өңдеу
Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 91,6 мың тонна ет өндірді, шұжық өнімдері өндіріс көлемінде 3243 тонна.
Сүтті қайта өңдеу