2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2025 жылдың 19 қаңтарға  Ақмола облысының 7 ауданында 9 сайлау округі бойынша ауылдар, кенттер, ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Ақкөл ауданы Қарасай а/о, Біржан сал ауданы Баймырза а/о,  Буланды ауданы   Журавлев,Қараөзек а/о, Жақсы ауданы Тарасов а/о, Жарқайың ауданы Костычев а/о; Целиноград ауданы  Жаңаесіл   а/о, Шортанды ауданы Жолымбет кентінің әкімі, Новоселов а/о.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 7962(65,57%) азамат енгізілді, оның ішінде 5221 дауыс беруге қатысты.

Әкімге кандидаттар саны  – 27 адам.

Барлық 8 ауылдық округтерінде және 1 кентте  әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 6, өзін өзі ұсыну -3 адам.

Сайлаушылардың максималды қатысуы 93,96% ( Буланды ауданы  Журавлев  а/о.), , минималды –42,06% (Целиноград ауданы Жаңаесіл а/о  ).

Әкімдер болып сайланды:7 – мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 6 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 1 - бюджет саласының қызметкері, 1-коммерциялық құрамының қызметкері.

Аудан маңызы бар қаланың және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Дата публикации
20 января 2025