Спортшылардың 2024 жылғы ірі спорттық іс-шаралардағы жетістіктері туралы

2024 жылы Ақмола облысының спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 1616 медаль (561 алтын, 516 күміс, 539 қола) жеңіп алды.

2024 жылғы негізгі спорттық іс-шаралар:

  1. Париж қаласындағы (Франция) XXXIII жазғы Олимпиада ойындары.

Облыстан екі спортшы қатысты:

Карина Ибрагимова - бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, Әлем чемпионаттарының күміс және екі дүркін қола жүлдегері және Азия чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері. Олимпиада ойындарына қатысу лицензиясын 2023 жылдың қараша айында Азия ойындарында жеңіп алды. Олимпиада ойындарында Карина Ибрагимова 57 килограмм санатындағы бокстан жарыста ¼ финалға шығу үшін алғашқы жекпе-жекте жеңіліп қалды

Андрей Чугай - велоспорттан (трек) халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спринт және кейрин (велоспорт трек) жарыс түрлерінде өнер көрсетті. Велоспорттан трек бойынша жарыстарда, кейринде 19 орын, спринтте 30 орын алды.

  1. Париж қаласындағы 17-ші Паралимпиада ойындары.

3 спортшы қатысты.

Давид Дегтярев пара пауэрлифтинг жарысында чемпион атанды. Давид Паралимпиадада екінші рет жеңіске жеткенін атап өткен жөн, оның 2021 жылы Токиодағы сенсациялық жеңісі есімізде.

Еркін Ғаббасов пневматикалық мылтықтан ату жарысында күміс медаль жеңіп алды.

Әмір Мұратбеков 100 метрлік брасспен жүзуден іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетті, бұл Әмірге финалдық жарыстарға қатысуға мүмкіндік берді.

  1. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Астана қ.

Облыс спортшылары Думан Көгершін, Кенжетай Ерлан, Нұрланұлы Бекбол, Әбеуова Толғанай және "Томирис" командасы қатысты.

Бес асықтан Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында Думан Көгершін алтын медаль иегері атанды.

Нұрланұлы Бекбол алыш күресі бойынша жарыста күміс медаль жеңіп алды.

Әбеуова Толғанай күрестің басқа түрі – кураш күресі бойынша күміс жүлдегер атанды.

Желтоқсан айында Бейжіңде (Қытай) шорт-тректен Әлем Кубогы кезеңінде әйелдер эстафетасында ел құрамасының командасы Қазақстан тарихында тұңғыш рет қола медаль жеңіп алды, құрама команданың сапында Ақмола облысының екі спортшысы Тихонова Ольга, Хан Яна қатысты.

29 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Тайландта бокстан Азия чемпионаты өтті. Біздің спортшы Асылқұлов Оразбек 57 кг салмақ дәрежесінде күміс медаль жеңіп алды.

 

Дата публикации
20 января 2025