2024 жылы спортты дамытудың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпарат

Облыстың спорт ұйымдарының жұмысындағы негізгі бағыттар: спорттық инфрақұрылымды, бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту болып табылады.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың саны  329823 адамды (оның ішінде ауылда – 152928 адам) немесе өңір халқының жалпы санының 41,8% құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айналысатындар саны 8 мың адамға немесе 5,8% - ға артты.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін облыста 1124 (оның ішінде 622 ауылда) спорт ғимараты бар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 17 бірлікке немесе 1,5%- ға артты. Спорт ғимараттарымен қамту  64,8% құрайды.

Спорттық ғимараттар желісін кеңейту мақсатында 2024 жылы 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Есіл қ., Қосшы қ., Степногорск қ.), 1 спорт кешені (Бурабай ауданы Мәдениет ауылы) салынды.

Инвесторлардың қаражаты есебінен Бурабай ауданының Щучинск қаласында "Shidai" спорт кешені салынды.

Халықтың тұратын жерлерінде бос уақытын ұйымдастыру мақсатында 16 спорт алаңы салынды, оның ішінде 2 – Біржан сал ауданында, 3 – Бурабай ауданында, 11 – Көкшетау қаласында.

Дата публикации
20 января 2025