Ақмола облысының 2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.12.2024ж. халық саны – 787,9 мың адам, оның ішінде қалалық - 450,2 мың адам (57,1%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.

Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,6%, орыстар – 26,5%, басқалар – 16,9%

  1. Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 991,3 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2023 жылғы деңгейге 99,8% (құлдырау өңдеу және
    тау-кен өнеркәсібінің төмендеуіне байланысты)
    ..

Ағымдағы жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде Көкшетау қ. 2 жоба іске асырылды (400 млн. теңгеге «Garanti Export» ЖШС бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені, 500 млн. теңгеге «АБХ-2024» ЖШС асфальттік зауыт).

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
    920,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2023 жылдың деңгейіне 145,3%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
    59,2 мың бірлікті құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 2,2%-ға жоғары.

2024 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 10,8 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 9,4 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 659,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 526,5 млн. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
    8,9%-ға төмендеп, 562,8 млрд. теңгені құрады (төмендеу
    2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда жел электрстанцияларын салуға инвестициялардың ірі көлемін игеруге байланысты)
    .

Құрылыс жұмыстарының көлемі 333,6 млрд. теңгеге дейін  ұлғайды немесе 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 122,8%.
661,4 мың ш.м
тұрғын үй пайдалануға берілді (өсім 0,3%-ға).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2024 жылдың 3 тоқсанында) - 4,5%
    (19 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,2% (2024 жылдың 3 тоқсанында). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (105 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (422,7 мың адам) 24,8%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 323,4 мың теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 12,8%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 109,3%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 107,2%-ды құрады.

  1. 2024 жылға арналған облыс бюджеті - 747,5 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 65,5%).

2025 жылдың 1 қаңтарына 736,7 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 98,6% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 521,9 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 101,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 303,1 млрд. теңге (болжамға 99,8%), жергілікті – 218,8 млрд. теңге (болжамға 104,3%) түсті.

  1. 2024 жылы әлеуметтік салаға 372,1 млрд. теңге (облыс бюджетінің 49,8%), оның ішінде білім беруге – 289,3 млрд. теңге (38,7%), денсаулық сақтауға – 22,3 млрд. теңге (3%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 94,4%.

Білім беру саласында Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатына қосымша, Целиноград ауданы Өтеміс ауылында 80 орындық мектеп, Қосшы қаласында 1200 орындық мектептердің және Көкшетау қаласында 2 балабақшаның құрылысы аяқталды.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде Целиноград ауданы Қараөткел, Қаражар, Кабанбай батыр, Қоянды, Ақмол және Талапкер (2 нысан), ауылдарында және Көкшетау қаласында (2 нысан) 12 200 орындық 9 мектептің мектептің құрылысы аяқталды.

Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.) және Көкшетау қалаларында 5 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы және Көкшетау қалаларында
3 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

Денсаулық сақтау саласында Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының, Атбасар ауданы Новосельское ауылында ФАП-тың құрылысы аяқталды. Сондай-ақ Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аурухана құрылысы жалғасуда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде 28 нысанның құрылысы аяқталды (10 дәрігерлік амбулатория: Ақкөл ауданының Новорыбинка, Ерейментау ауданының Еркіншілік, Есіл ауданының Свободное және Ақсай, Зеренді ауданының Айдабул, Целиноград ауданының Арайлы, Жалғызқұдық, Нұресіл, Оразақ, Шортанды ауданының Новокубанка ауылдарында; 16 ФАП: Ақкөл ауданының Қына, Урюпинка, Атбасар ауданының Сергеевка, Біржан сал ауданының Андықожа батыр, Бұланды ауданының Новобратское, Егіндікөл ауданының Бауманское, Зеренді ауданының Мәлік Ғабдуллин, Целиноград ауданының Төнкеріс, Қараменді батыр, Мәншүк, Өтеміс, Жаңа Жайнақ, Р. Қошқарбаев және Приречное, Шортанды ауданының Төнкеріс және Ключи ауылдарында; 2 медициналық пункт: Целиноград ауданының Раздольное және Ынтымақ ауылдарында). 10 нысанның құрылысы жалғасуда
(4 дәрігерлік амбулатория: Астрахан ауданының Старый Колутон, Аршалы ауданының Арнасай, Жарқайың ауданының Пятигорское, Целиноград ауданының Жанаесиль; 5 ФАП: Буланды ауданының Партизанка және Алтынды, Жақсы ауданының Кировское, Целиноград ауданының Жарлыколь, Шортанды ауданының Пригородное; 1 медициналық пункт: Целиноград ауданының Шалкар ауылдарында).

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 99%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу - 96,6%.

2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 33,1 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 24 объектінің құрылысына (10,3 млрд. теңге) және 41 объектіні қайта жаңартуға
(20,4 млрд. теңге), 3 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (83,6 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (194,5 млн. теңге), 14 объектіні ағымдағы жөндеуге (1 млрд. теңге, оның ішінде ҚР Үкімет резервінен - 525,5 млн. теңге), 44 КБМ (1,1 млрд. теңге) орнатуға бағытталды.

  1. 9. Қоғамдық қауіпсіздік.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыр қылмыстардың 19,1%-ға өскені байқалды, олардың ашылуы 64,1%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 1,9 есе ұлғайды, олардың ашылуы
100%-ды құрады.

 

Дата публикации
20 января 2025