2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (ШОК) саны 64,177 мың бірлікті құрады (2023 жылғы желтоқсанға 102,7%).
Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 59,196 мың бірлікті құрайды (2023 жылғы желтоқсанға 102,2%).
Тіркелгендердің жалпы санындағы жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі – 92,2%-ды құрады.
2025 жылғы 1 қаңтарға ШОК субъектілерінің құрылымы:
- шағын және орта кәсіпкерлік – 9 399 бірлік.
- жеке кәсіпкерлер – 43 198 бірлік.
- шаруа (фермер) қожалықтары – 6 599 бірлік.
2024 жылғы қаңтар-желтоқсанда ШОК субъектілерінен 185,834 млрд. теңге салық төлемдері түсті (2023 жылғы ұқсас кезеңге 126,6%, салықтардың жалпы түсімінің 37,6%-ы).
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны 145,237 мың адамды құрады (2023 жылдың ұқсас кезеңге 100,6%).
2024 жылғы қаңтар - маусымда ШОК өндірісі, жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 804,628 млрд. теңгені құрайды (2023 жылғы ұқсас кезеңге 114,0%).
2024 жылғы қаңтар-маусымда ШОК-тің жалпы қосылған құны 494,0 млрд.теңгені немесе 30,8% -ды құрайды.
2024 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ШОК субъектілерінде 7 281 жаңа жұмыс орны құрылды (аудан/ қала әкімдіктерінің деректері бойынша).
2024 жылғы қаңтар-қарашада ЕДБ ШОК субъектілеріне 135,8 млрд. теңгеге несиелер берді, бұл бизнеске берілген кредиттер көлемінің 94,5%-ын құрайды (немесе банк секторы несиелерінің жалпы көлемінің 28,6%-ы), оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында – 22,9%, қайта өңдеу өнеркәсібі саласында – 2,4%-ды құрайды.