Ақмола облысы бойынша 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді мекендердің қамтамасыз етілуі 83,0% - ды құрайды (605-тің 502). 199 елді мекен бойынша жаңа бас жоспарлар бар.
2024 жылы облыс бойынша облыстық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 22 елді мекен бойынша қала құрылысы жобалары әзірленді және түзетілді, оның ішінде:
- Көкшетау қаласының бас жоспарының 11-ші кезеңі және 2 ЕЖЖ;
- Степногорск қаласының бас жоспары, сондай-ақ бес елді мекеннің әкімшілік қарамағындағы: Изобильное, Богенбай, Шантөбе, Қырық құдық, Байқоныс;
- Астрахан ауданы Зеленое ауылын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Атбасар ауданы Сепе және А.Құрманова ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Бұланды ауданы Капитоновка және Иванковка ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Жарқайың ауданы Құмсуат және Пригородное ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Шортанды ауданының Бозайғыр ауылын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Целиноград ауданы Қызылжар ауылын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Бурабай ауданы Атамекен, Веденовка, Вишнёвое және Қаражар ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемалары;
- Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының бас жоспарын түзету;
Қосшы қаласының бас жоспарын әзірлеу аяқталды. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекіту кезеңін өтуде.
2025 жылы 2024 жылы басталған жобалар бойынша келісімдер мен кешенді қала құрылысы сараптамасын жүргізу аяқталады, сондай-ақ жоспарланған:
- Ақкөл ауданының Ақкөл қаласының бас жоспарын түзету;
- Бурабай ауданының Щучинск қаласы мен Бурабай кентінің бас жоспарларын түзету;
- Жарқайың ауданы Державинск қаласының бас жоспарын әзірлеу;
- Зеренді ауданының Садовое, Красный Кардон, Шағалалы және Азат станцияся ауылдарын дамыту және құрылыс салу схемаларын әзірлеу;
- Атбасар ауданының Борисовка ауылын дамыту және құрылыс салу схемаларын әзірлеу;
- Көкшетау қаласы бойынша 3 ЕЖЖ әзірлеу.