2025 жылғы 19 қарашаға тағайындалған ауыл және ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы Ақмола облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

Ақмола облысында 7 аудан  9 ауылдық округтерінің әкімдерін сайлауы өткізіледі.

Бұл ретте 7 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 2 әкім өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайланады (2 –өз еркімен, денсаулық жағдайы бойынша).

30 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 6 (20%); өзін-өзі ұсыну арқылы - 24 (80,0%).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен 2 кандидат, қажетті құжаттарды ұсынбауына байланысты 1 кандидатқа бас тартылды.

Барлығы 27 кандидат тіркелді, оның ішінде 6 (22.3%) – «АМАНАТ»
саяси партиясынан,  өзін-өзі ұсыну арқылы - 21(77,7%).

Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,0 адамды құрайды.

27 үміткердің 14-і (51,8%) -әйелдер.

Үміткерлердің  18 – белсенді мемлекеттік қызметші, 6 – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері, 
2 – бюджеттік саланың қызметкері, коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері-1.

Орташа жас – 42,1 жаста болса, ең кішісі-25  жаста, ең үлкені -60 жаста.

Кандидаттардың 1(3.8%) үміткер облыста басқа ауданда тұрады, 19(70.3%) ауданда  басқа ауыдық округтеріне тұрады, 7 (25,9%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерде тұрады.

 

 

 

Дата публикации
31 декабря 2024