Ақмола облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, және ауылдық округтері әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындау туралы хабарламасы

Ақкөл, Біржан сал, Буланды, Жақсы, Жарқайын, Целиноград, Шортанды аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы ауыл, кент, және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысында   2025 жылдың 19 қаңтарда келесі әкімдерінің сайлауы тағайындалды:

Ақкол ауданының –Қарасай  ауылдық округінің әкімін;

Біржан сал ауданының – Баймырза ауылдық округінің әкімін;

Буланды ауданының – Журавлев ауылдық округінің әкімін;

Жақсы ауданының –Тарасов ауылдық округінің әкімін;

Жарқайың ауданының – Костычев ауылдық округінің әкімін;

Целиноград ауданының – Жаңаесіл ауылдық округінің әкімін;

Шортанды ауданының – Жолымбет кентінің әкімін, Новоселов ауылдық округінің әкімін.

Сайлауды тағайындау туралы, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Дата публикации
13 декабря 2024