2024 жылғы 8 желтоқсанда бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Ақмола облыстық мәслихаттың орнына депутат сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 35296 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 19847 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 85 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны -3.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
№ 4 сайлау округі бойынша
Беспалинов Б.М үшін сайлаушылардың 12028 дауысы берілді,
Қажы Е.Ж үшін сайлаушылардың 3888 дауысы берілді,
Садвакасов К.Н үшін сайлаушылардың 2264 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1352.
Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Ақмола облыстық мәслихаттың депутаты болып Беспалинов Берген Маратұлы сайланды, 1979 жылы тұған, «АМАNAT» партиясының мүшесі, Ақмола облыстық «АМАNAT» партиясының филиалының төрағасы, Көкшетау қаласында тұрады.
Ақмола облыстық сайлау комиссиясы