«Карантин белгілеу туралы» Ақмола облыстық әкімдігі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«Карантин белгілеу туралы» Ақмола облыстық әкімдігі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы, 1-тармағының 2)-тармақшасына, «Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 7-1/86 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10414 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 6 қазандағы №01-31/1385, №01-31/1386 ұсыныстары негізінде аса қауіпті ауру ошағын- жоғары патогенді құс тұмауы АН5 оқшаулау және жою мақсатында әзірленді.

Жоба «Ашық НҚА» порталында орналастырылды https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5137689. 

Карантин белгілеу туралы

Дата публикации
13 октября 2020