АӨК негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 827 594,0 млн. теңгені (НКИ – 145%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 584 174,2 млн. теңге (НКИ –174,5%), мал шаруашылығы – 243 165,7 млн. теңге (НКИ – 101,5%) құрады.
Облыста барлығы 8976 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1912 - заңды тұлғалар, 554 - жеке кәсіпкерлер, 6510 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-қазанда 66,4 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,5 млрд. теңгені құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 24,2% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 403,8 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 97,4 мың адам (2024 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша).
2024 жылдың 3-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 327,7 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,9% - ға өсті (2024 жылдың қаңтар-қазанда – 273,3 мың теңге немесе 111,6%).