2024 жылдың 17 қарашаға Ақмола облысының 8 ауданында 10 сайлау округі бойынша аудан маңызы бар және ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті: Ақкөл ауданы Новорыбин а/о, Аршалы ауданы Константинов а/о, Атбасар ауданы Атабасар қаласы, Сергеев а/о, Жарқайың ауданы Нахимов а/о; Зеренді ауданы Исаковка, Қанай би а/о, Қорғалжын ауданы Амангелді а/о; Целиноград ауданы Қараөткел а/о, Шортанды ауданы Раев а/о.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 30327(61,01% азамат енгізілді, оның ішінде 18502 дауыс беруге қатысты. Әкімге кандидаттар саны – 29 адам.
Барлық 10 сайлау округтерінде әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 6, өзін өзі ұсыну -4 адам.
Сайлаушылардың максималды қатысуы 96.85 ( Зеренді ауданы Қанай би а/о.), , минималды – 31.37% (Целиноград ауданы Қараөткел а/о ).
Әкімдер болып сайланды: 9 – мемлекеттік қызметшілер (оның ішінде 5 - жұмыс істеп тұрған әкімдер), 1 - бюджет саласының қызметкері.
Аудан маңызы бар қаланың және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.