2024 жылғы 1 қазан жағдай бойынша аймақта 195 діни бірлестік (бұдан әрі ДБ) әрекет етеді. Дін тұту бойынша: 93 - ислам, 48 – православ, 41 – протестанттық, 11 – католик, 1 - Бахаи діні және 1-Ақмола облысының Кришна Санасы қоғамы.
Діни нысандар - 163, оның ішінде: 98 мешіт; 29 православие шіркеуі; 13 католиктік шіркеулер мен 23 протестанттық үй.
Ақмола облысының аумағында уағыздау қызметін 29 миссионер қамтамасыз етеді. Олардың ішінде: 18 адам Польша, 6 - Филиппиннен, 2- Германия, 2 - Ресей, 1 – Қазақстан азаматтары.
Көкшетау қ. – 3 миссионер, Аршалы ауданында - 1, Астрахан ауданында - 3, Атбасар ауданында - 7, Бұланды ауданында – 3, Бурабай ауданында - 6, Шортанды ауданында – 5, Целиноград ауданында – 1 адам.
26 миссионер католицизмді, 2 протестантизмді уағыздайды (Жаңа апостолдық шіркеу) және 1 вайшнавизмді (Кришна санасы қоғамы) тұтады.
Есепті кезеңде 14 мемлекеттік қызмет көрсетілді: электрондық форматта миссионерлерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы 14 куәлік берілді.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері бойынша, 2024 жылдың басынан бері облыста 173 баланың ата-анасы діни нанымдары бойынша оларды вакцинациялаудан бас тартқан.
Білім басқармасының мәліметінше, облыстың жалпы білім беретін мектеп оқушыларының діни сенімдері бойынша мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзудың 97 фактісі анықталды.
«Ынтымақ» діни бірлестіктер басшыларының жиналысы ДІБ діни бірлестіктерімен біріктіруші маңызды диалог алаңы ретінде әрекет етеді.
2024 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ынтымақ» діни бірлестіктері басшылары жиналысының мүшелерімен кездесу өткізілді. Іс-шара барысында мемлекеттік мерекенің тарихы мен маңыздылығы, сондай-ақ ұлы халық жазушысы Нұрпейісов Әбдіжәміл Кәрімұлының өмірі туралы ақпарат жеткізілді.
2024 жылғы 1 қазан жағдай бойынша облыста 202 адамнан тұратын 24 АТТ өз қызметін жүзеге асырады (1 облыстық, 3 қала, 17 аудандық және Көкшетау қ. ЖОО жанындағы 3).
Ақпараттық-түсіндіру топтары 1509 түрлі форматты іс-шара өткізді, оған 21151 адам қатысты.
Оның ішінде тікелей облыс жастарымен 2481 адамның қатысуымен 82 іс-шара жүзеге асырылды.
Ақмола облысының БАҚ діни қатынастар саласындағы тақырыптарды көрсететің 1748 материал жарық көрді. Олардың ішінде: баспа басылымдарында 91 басылым (мақалалар, ақпараттық хабарламалар және т.б.); облыстық және аудандық телестудияларда 42 телематериал көрсетілді (сюжеттер, бейнероликтер және т.б.); ғаламтор-ресурстарында 1615 ақпараттық хабарлама орналастырылды (суреттер, пресс-релиздер, бейнедәрістер және т.б.).
Жалпы, Ақмола облысындағы діни жағдайды талдау аймақта тұрақтылықтың, толеранттылықтың және басқарылу жағдайының бар екендігін көрсетті. Діни негізде шиеленістер тіркелген жоқ. Өңірде жүргізілетін діни қатынастар саласында мемлекеттік саясат рухани-адамгершілік жағдайды тұрақтандыруға, толерантты сана қалыптастыруға, сенім төзімділігі негіздерін нығайтуға, әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі дін өкілдерінің өзара түсіністігіне ықпал етеді.