Ақмола облысында 8 аудана 9 ауылдық округ және 1 қала әкімдерін сайлау өткізіледі.
Бұл ретте 6 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 4 әкім өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайланады (1 - көшуге байланысты, 1- басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 1 - денсаулық жағдайы бойынша, 1- отбасы жағдайға байланысты).
35 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 6 (17,1%); ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ ПАРТИЯСЫ - 1(2,9%), өзін-өзі ұсыну арқылы - 28 (80,0%).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен 4 кандидат, 1 кандидат тіркелгенге дейін жеке өтініші бойынша алынып тасталды.
Барлығы 30 кандидат тіркелді, оның ішінде 6 (20.0%) – «АМАНАТ»
саяси партиясынан, өзін-өзі ұсыну арқылы - 24(80,0%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,0 адамды құрайды.
35 үміткердің 11-і (36,6%) -әйелдер.
Үміткерлердің 22 – белсенді мемлекеттік қызметші, 5 – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері,
1 – бюджеттік саланың қызметкері,уақытша жұмыс істемеітіндер-2.
Орташа жас – 39,4 жаста болса, ең кішісі-25 жаста, ең үлкені -53 жаста.
Кандидаттардың 10 (33,4%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерден болса, 20 (66,61%) басқа аулдық округтерден болады.