«Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
Осы арқылы, «Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесімен «Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігі қаулысының жобасын әзірлегенін хабарлаймыз.
Жоба түсіндірме жазбамен бірге «Ашық НҚА» порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15227182 сілтемесі бойынша орналастырылған.