Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.
01.09.2024ж. халық саны – 788,9 мың адам, оның ішінде қалалық - 449,3 мың адам (57%).
Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.
Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,6%, орыстар – 26,5%, басқалар – 16,9%
Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 415,6 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2023 жылғы деңгейге 99,9% (құлдырау өңдеу және
тау-кен өнеркәсібінің төмендеуіне байланысты).
2024 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 185 жаңа жұмыс орнын құрумен 2,3 млрд. теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде Көкшетау қ. 400 млн. теңгеге «Garanti Export» ЖШС бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешені іске асырылып, 10 жұмыс орны құрылды.
2024 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 10,8 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 9,4 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге – 659,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 526,5 млн. теңге.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 192,4 млрд. теңгеге дейін ұлғайды немесе 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 108,5%.
428,8 мың ш.м тұрғын үй пайдалануға берілді (облыс орталығында жылу энергиясының тапшылығына байланысты коммерциялық тұрғын үйдің іске қосылатын алаңдарының азаюына байланысты 10,9%-ға төмендеді.).
.
Орташа айлық атаулы жалақы 2024 жылғы қаңтар-маусымда 321,2 мың теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 12,9%-ға жоғары.
Тұтыну бағаларының индексі 106,2%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 103,4%-ды құрады.
2024 жылдың 1 қазанына 477,4 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 96,3% игерілді.
Мемлекеттік бюджетке 349,6 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 86,3%, оның ішінде республикалық бюджетке – 188,8 млрд. теңге (болжамға 73,1%), жергілікті – 160,8 млрд. теңге (болжамға 109,5%) түсті.
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 92,3%.
Білім беру саласында Целиноград ауданы Өтеміс ауылында 80 орындық мектеп, Қосшы қаласында 1200 орындық мектептердің, Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатына қосымша құрылысы аяқталды.
Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.) және Көкшетау (2 нысан) қалаларында 6 мектептің, сондай-ақ Қосшы (1 нысан) және Көкшетау (3 нысан) қалаларында 4 балабақшаның құрылысы жалғасуда.
«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде Қараөткел, Ақмол және Талапкер (2 нысан) ауылдарында 1200 орындық
4 мектептің құрылысы аяқталды, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылыммен 5 мектептің құрылысы жалғасуда: Целиноград ауданында - 3 жоба (Қаражар, Қабанбай батыр, Қоянды ауылдарында), Көкшетау қаласында - 2 жоба.
Денсаулық сақтау саласында Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталды.
Атбасар ауданы Новосельское ауылында ФАП-тың, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аурухана құрылысы жалғасуда.
«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды жүргізе отырып,
38 жоба іске асырылуда (14 дәрігерлік амбулатория: Ақкөл ауданының Новорыбинка, Астрахан ауданының Старый Колутон, Аршалы ауданының Арнасай, Ерейментау ауданының Еркіншілік, Есіл ауданының Свободное және Ақсай, Жарқайың ауданының Пятигорское, Зеренді ауданының Айдабул, Целиноград ауданының Арайлы, Жалғызқұдық, Нұресіл, Жаңаесіл, Оразақ, Шортанды ауданының Новокубанка ауылдарында; 21 ФАП: Ақкөл ауданының Қына, Урюпинка, Атбасар ауданының Сергеевка, Біржан сал ауданының Андықожа батыр, Бұланды ауданының Новобратское, Партизанка және Алтынды, Егіндікөл ауданының Бауман, Жақсы ауданының Киров, Зеренді ауданының Мәлік Ғабдуллин, Целиноград ауданының Төнкеріс, Қараменді батыр, Мәншүк, Өтеміс, Жаңа Жайнақ, Жарлыкөл, Р. Қошқарбаев және Приречное, Шортанды ауданының Пригородное, Төнкеріс және Ключи ауылдарында; 3 медициналық пункт: Целиноград ауданының Раздольное, Шалқар және Ынтымақ ауылдарында). Оның ішінде 1 жоба - Егіндікөл ауданы Бауманское ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу іске асырылды.
2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 35,5 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 24 объектінің құрылысына (10,7 млрд.теңге) және 44 объектіні қайта жаңартуға (21,6 млрд. теңге), 5 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (200,8 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (606,9 млн. теңге), 17 объектіні ағымдағы жөндеуге (1,2 млрд. теңге), 48 КБМ (1,2 млрд. теңге) орнатуға бағытталды.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыр қылмыстардың 12,4%-ға өскені байқалды, олардың ашылуы 70,2%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 1,9 есе ұлғайды, олардың ашылуы 100%-ды құрады.