АӨК негізгі көрсеткіштері
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 655 616,8 млн. теңгені (НКИ – 148,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 433 602,3 млн. теңге (НКИ –192%), мал шаруашылығы – 221 800,0 млн. теңге (НКИ – 101,4%) құрады.
Облыста барлығы 8976 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1912 - заңды тұлғалар, 554 - жеке кәсіпкерлер, 6510 - шаруа-фермерлік қожалықтары.
Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-қыркүйекте 59,7 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 6,2 млрд. теңгені құрады.
Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 22,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 402,5 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 90,4 мың адам (2024 жылғы 2тоқсанның қорытындысы бойынша).