Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Ақмола облыстық мәслихатының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

(2024 жылғы 8 желтоқсандағы сайлау)

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2024 жылғы 8 қарашадан кешіктірмей Ақмола облыстық мәслихатының №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («ҚР Сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта:tic_akm_obl@saylau.kz, мекенжайы: Көкшетау қаласы, Абай  көшесі, 89 үй кабинет 118 каб) ұсынуға тиіс.

 Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ  Ақмола облыстық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

Ақмола облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
15 октября 2024