Облыстық әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік орман қорының ауданы 405,1 мың.га құрайды, оның ішінде 234,8 мың.га орманды алқап. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу жедел басқармасының қарамағында Ақмола облысының 6 ауданының және 2 қаласының әкімшілік аумақтарында шоғырланған 13 орман шаруашылығы мекемесі бар. Орман шаруашылығы қызметкерлерінің штат саны 514 адамды құрайды.