Ақкөл, Аршалы, Атбасар, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Шортанды аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 9 қазандағы аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысының ауылдары мен ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау 2024 жылдың 17 қарашаға тағайындалды:
Ақкол ауданының – Новорыбин ауылдық округінің әкімін;
Аршалы ауданының - Константинов ауылдық округінің әкімін;
Атбасар ауданының – Атбасар қаласының әкімін, Сергеевка ауылдық округінің әкімін;
Жарқайың ауданының – Нахимов ауылдық округінің әкімін;
Зеренді ауданының – Қанай би және Исаков ауылдық округтерінің әкімдерін;
Қорғалжын ауданының - Амангелді ауылдық округінің әкімін;
Целиноград ауданының – Қараөткел ауылдық округінің әкімін;
Шортанды ауданының - Раев ауылдық округінің әкімін.
Сайлауды тағайындау туралы, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.