Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 13 қыркүйекте облыс әкімдігінде жол-көлік оқиғаларының себептерін зерделеу, сондай-ақ жол қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстар әзірлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын ұйымдастырды.
Отырыста ағымдағы жылдың 8 айындағы апаттылық жағдайы және Бурабай ауданындағы зерттеу нәтижелері туралы, сондай-ақ Ақмола облысы аумағы бойынша өтетін халықаралық, республикалық және облыстық маңызы бар автожолдағы авариялық-қауіпті учаскелерді жою жөніндегі «Кешенді жоспардың» орындалуы талқыланды.