Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

АӨК негізгі көрсеткіштері

2024 жылдың қаңтар-тамыз айларында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 287 063,7 млн. теңгені (НКИ – 104,6%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 88 547,7 млн. теңге (НКИ –113,2%), мал шаруашылығы – 198 386,2 млн. теңге (НКИ – 101,2%) құрады.

Облыста барлығы 8976 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1912 - заңды тұлғалар, 554 - жеке кәсіпкерлер, 6510 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-тамызда 46,9 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,1 млрд. теңгені құрады.

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 22,5% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 402,5 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 90,4 мың адам (2024 жылғы 2тоқсанның қорытындысы бойынша).

2024 жылдың 2-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 279,5 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,4% - ға өсті.

Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау

АӨК субсидиялау

Субсидиялау түріндегі 2024 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 46,5 млрд. теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша:

- өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау – 15,5 млрд. теңге (пестицидтер – 9 436,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 5 048,9 млн. теңге, тұқымдар– 617,5 млн. теңге, басым дақылдар – 400 млн. теңге);

-мал шаруашылығын субсидиялауға - 5,4 млрд. теңге;

 - қаржы құралдары – 24,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар –       15 913,5 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге – 8 667,2 млн. теңге, қарызға кепілдік беру және сақтандыру шеңберінде – 90,2 млн. теңге);

-терең өңдеуді субсидиялауға – 0,9 млрд. теңге.

Өсімдік шаруашылығы

Облыста 5,4 млн. га алқаптарда егіс жүргізілді.

- дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар - 4696 мың га алаңда;

- майлы дақылдар - 268,6 мың га;

- жемшөп дақылдары - 421 мың га (өткен жылдардағы шөптерді ескере отырып);

- ұйымдастырылған құрылымдардағы картоп – 7,8 мың га, көкөністер – 1,4 мың га.

Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу

2024 жылғы қаңтар-тамызда АШТӨ барлығы 35,4 млрд. теңге сомасына 1053 бірлік техника сатып алды, оның ішінде:

- астық жинау комбайндары – 17,8 млрд. теңге сомасына 175 бірлік;

- тракторлар – 9,9 млрд. теңге сомасына 281 бірлік;

- сепкіштер – 388,9 млн. теңге сомасына 235 бірлік;

- егіс кешендері – 1,6 млрд. теңге сомасына 14 бірлік;

- өзге де техникалар – 5,7 млрд. теңге сомасына 348 бірлік.

Мал шаруашылығы

2024 жылғы қаңтар-тамызда облыста тірі салмақтағы ет 130,3 мың тонна (99,5%), сүт – 161,6 мың тонна (104,2%), тауық жұмыртқасы – 467,5 млн. дана (98,3%) өндірілді.

Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарындағы ІҚМ басының жалпы саны 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 398,5 мың басты (2023 жылдың ұқсас кезеңіне 99,2%) құрайды, оның ішінде сиыр басы – 189,2 мың бас (101,9%).

Жылқылардың саны 262,0 мың басты (101,3%), құстар – 9507,3 мың басты (95,8%) құрады.

Қой мен ешкі саны 605,8 мың басты (102,9%), шошқа – 39,7 мың басты (63,2%) құрады.

Азық-түлік белдеуі шеңберінде инвестициялық

жобаларды іске асыру

2024 жылы АӨК саласында жалпы сомасы 76,8 млрд. теңгеге 41инвестициялық жоба іске асыруды жүзеге асыру жоспарланған, оның ішінде:

- 2,2 млрд. теңгеге астық қоймаларын салу бойынша 6  жоба;

- 43,5 млрд. теңгеге СТФ құру бойынша 11 жоба;

- 0,8 млрд. теңгеге ет фермаларын құру бойынша 6 жоба;

- 12 млрд. теңгеге құс фабрикаларын құру бойынша 1 жоба;

- 0,6 млрд. теңгеге сұйық тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойма салу бойынша 1 жоба;

- 10,8 млрд. теңге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 9 жоба;

- 6,1 млрд. теңге суару бойынша 6 жоба;

- 0,8 млрд. теңге сомасында жем-шөп өндіру бойынша 1 жоба.

Іске асырылған инвестициялық жобалар

2024 жылдың 19.09. жағдайы бойынша 31,1 млрд. теңге сомасына 15 жоба іске асырылды:

- 2 жоба ет фермасын салу бойынша– «Макинское АШЖ» ЖШС 600 бас жылқыға 330 млн. теңге және «Алихан» ЖК 1000 бас ҰҚМ 120 млн. теңге (Біржан сал ауданында);

- 1 жоба ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу - қуаттылығы 720 тонна «Қазгер Құс» ЖШС (құрама жем цехы) 127,2 млн.теңге (Біржан Сал ауданында);

- 1 жоба құс етін қайта өңдеу - қуаттылығы 346 мың тонна, құны 3,5 млрд. теңге «IL Tov» ЖШС (Қосшы қаласында);

- 1 жоба МТФ салу бойынша 2,2 млрд.теңге сомасына 1000 басқа арналған "АФ Родина" ЖШС (Целиноград ауданында);

- 1 жоба құс фабрикасын салу бойынша - "Ақ-Дала Агро" ЖШС 12 млрд. теңгеге 6 мың тонна (Аршалы ауданында);

- 1 жоба астық өңдеу жобасы - "АВМ AGRO" ЖШС қуаттылығы 31200 тонна 3800 млн. теңгеге (Шортанды ауданында);

- 2 жоба суару бойынша - "Зеленое-1" ЖШС 302 гектарға 0,5 млрд. теңгеге, «Камышенка» ЖШС 420 га 1,4 млрд. теңгеге (Астрахан ауданында);

- 1 жоба ККМ құрылысы бойынша - "Қарлығаш" ШҚ 42 млн. теңге сомасына 50 басқа (Сандықтау ауданында);

- 1 жоба астық қоймаларын салу бойынша - "Тын Жер 18" ЖШС қуаттылығы сағатына 100 тонна, сомасы 140 млн. теңге (Ақкөл ауданында);

- 1 жоба сұйық тыңайтқыштарды сақтауға арналған қойма салу бойынша - "Журавлевка-1" ЖШС 600 млн. теңгеге 3000 шаршы метрге (Бұланды ауданы);

- 1 жоба СТФ құрылысы бойынша  - «Ен-Дала» ЖШС 8,2 млрд. теңгеге сомасында 1498 басқа (Целиноград ауданы);

- 1 жоба ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу жобасы "Garanti Export" ЖШС қуаттылығы сағатына 5 тоннаға дейін, сомасы 1,2 млрд. теңге (Көкшетау қаласында);

1 жоба астық қоймаларын салу бойынша - "Самарский 1" ЖШС қуаттылығы 12 мың тонна, сомасы 350 млн. теңге (Атбасар ауданында).

Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу

Ақмола облысында:

- өндірістік қуаттылығы жылына 128,9 мың тонна ет өңдейтін 16 кәсіпорын;        

- өндірістік қуаттылығы жылына 149,0 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын;

- өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 29 ұн тарту;

 - кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 138,0 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар.

2024 жылдың қаңтар-тамызда 166,6 млрд.теңге сомасына азық-түлік өндірілді 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1%-ға өсті.

Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы – 46,1%, сүт – 21,4%, өсімдік майы – 11,6%, астық өңдеу – 9,8%, нан мен нан-тоқаш өнімдері – 1,9%, өзге салалар – 9,2% алады.

Етті қайта өңдеу

Ет өңдейтін кәсіпорындар және табиғи көрініс цехтары 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57 мың тонна ет өндірді, шұжық өнімдері өндіріс көлемінде 2108 тонна.

Сүтті қайта өңдеу

Өңделген сүт өндірісінің көлемі 79,7 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде 22,9% - ға өсті, сары май 1578 мың тоннаны, ірімшік және сүзбе – 1329 тоннаны немесе 15,6% - ға өсті, ашымал сүт өнімдері – 5533 тонна өндірілді немесе 5% - ға өсті.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу

Өндірілген өсімдік майының көлемі 51,8 мың тоннаны құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 56,4%- ға өсті.

Ұн өндіру

Ұсақ тартылған ұн 149,6 мың тонна өндірілді немесе 2023 жылдың сәйкес кезеңіне 18,6% - ға өсті.

Дата публикации
20 сентября 2024