2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Ақмола облысындағы ауылдар, ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы облыстық сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

2024 жылдың 15 қыркүйекке  20 сайлау округі бойынша Степногорск қаласы Қырық құдық ауылының әкімі; Атбасар ауданының  Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімі, Аршалы ауданы Жібек жолы ауылдық округің әкімін; Егіндікөл ауданы Қоржынкөл және Алакөл ауылдық округтерінің әкімдері;Ерейментау ауданы Ерейментау қаласы және Майлан ауылы;Жақсы ауданы Қызылсай ауылдық округі мен Киев ауылының әкімдері; Жарқайың ауданы Құмсуат және Үшқарасу ауылдарының әкімдері; Зеренді ауданы Қонысбай және Симферополь ауылдық округтерінің әкімдері; Қорғалжын ауданы Қарашалған ауылдық округінің әкімі; Сандықтау ауданы Веселов және Широков ауылдық округтерінің әкімдері; Целиноград ауданы Софиев ауылдық округі және Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин мен Қаражар ауылдарының әкімдері.

Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 22183 азамат енгізілді, оның ішінде 12070 дауыс беруге қатысты. Әкімге кандидаттар саны  – 67 адам.

Барлық 20 сайлау округтерінде әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 7, «Ауыл» партиясы ұсынған -1,  өзін өзі ұсыну -12 адам.

Сайлаушылардың максималды қатысуы 92.31% (Степногорск қ.   Кырык кудык а..), , минималды – 34.69% (Ерейментау ауданы Ерейментау қ.).

Аудан маңызы бар қаланың және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Дата публикации
17 сентября 2024