Ақмола облысында 10 аудан мен Степногорск қаласында 9 ауыл, 10 ауылдық округ және 1 қала әкімдерін сайлау өткізіледі.
Бұл ретте 8 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 9 әкім өкілеттіктің мерзімінен аяқталуына байланысты сайланады (5 - көшуге байланысты, 1 - өз еркімен, Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімі болып сайлануына байланысты, 2 - басқа жұмысқа ауысуына байланысты, 1 - денсаулық жағдайы бойынша).
75 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 7 (9,4%); «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1(1,3%), ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ - 1(1,3%), өзін-өзі ұсыну арқылы - 66 (88%).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен 7 кандидат, құжаттардың толық бермеуіне (сайлау жарнасын төлемеу) салдарынан 1 кандидат алынып тасталды.
Барлығы 67 кандидат тіркелді, оның ішінде 7 (10.4%) – «АМАНАТ»
саяси партиясынан, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы -1(1,5%), ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ - 1(1,5%), өзін-өзі ұсыну арқылы - 58(86.6%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,75 адамды құрайды.
67 үміткердің 29-і (43.2%) -әйелдер.
Үміткерлердің 42 – белсенді мемлекеттік қызметші, 7 – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері,
4 – коммерциялық құрылым қызметкері, 8 – бюджеттік саланың қызметкері,уақытша жұмыс істемеітіндер-4, басқалар - 2.
Орташа жас – 42,8 жаста болса, ең кішісі-27 жаста, ең үлкені -62 жаста.
Кандидаттардың 14 (20.9%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерден болса,
53 (79.1%) басқа аулдық округтерден болады.