Ақмола облысының аудандық маңызы бар қала, ауыл және ауылдық округтері әкімдерін сайлауды 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындау туралы хабарламасы

 

Степногорск қаласы мен Атбасар, Аршалы, Егіндікөл, Ерейментау, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Зеренді, Сандықтау, Целиноград аудандарының аумақтық сайлау комиссияларының 2024 жылғы 7 тамыздағы аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы қаулыларының негізінде, Ақмола облысының ауылдары мен ауылдық округтердің, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау 2024 жылдың 15 қыркүйегіне тағайындалды:

Степногорск қаласы - Қырық құдық ауылының әкімін;

Атбасар ауданының - Ақан Құрманов ауылдық округінің әкімін;

Аршалы ауданының - Жібек жолы ауылдық округінің әкімін;

Егіндікөл ауданының - Қоржынкөл және Алакөл ауылдық округтерінің әкімдірін;

Ерейментау ауданының - Ерейментау қаласының және Майлан ауылының әкімдірін;

Жақсы ауданының - Қызылсай ауылдық округі мен Киев ауылының әкімдірін;

Жарқайың ауданының - Құмсуат және Үшқарасу ауылдарының әкімдірін;

Зеренді ауданының - Қонысбай және Симферополь ауылдық округтерінің әкімдірін;

Қорғалжын ауданының - Қарашалған ауылдық округінің әкімін;

Сандықтау ауданының - Веселовка және Широковка ауылдық округтерінің әкімдірін;

Целиноград ауданының - Софиев ауылдық округінің және Қажымұқан, Ыбырай Алтынсарин мен Қаражар ауылдарының әкімдерін.

 

Сайлауды тағайындау туралы, олардың шекаралары көрсетілген сайлау округтерін құру туралы қаулылар және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары көрсетілген қалалар мен аудандардың аудандық сайлау комиссияларының интернет-сайттарында орналастырылды және қалалық/аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

 

Дата публикации
08 августа 2024