А.ж. 1 тамызда облыс әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әміренованың төрағалық етуімен отбасыларды қолдау және жетелеу орталықтарын дамыту бойынша кеңес өткізілді, сондай-ақ, Отбасылардың цифрлық картасында отбасыларды «дағдарыстық» және «шұғыл» санаттардан (D, Е) берекелі санаттарға көшіру бойынша әр отбасымен атаулы жұмыс жүргізу мәселесі қарастырылды.
Кеңеске аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, отбасыларды қолдау және жетелеу орталықтарының директорлары (БКБ режимінде), жергілікті полиция қызметі басқармасының, білім және денсаулық сақтау басқармаларының қызметкерлері қатысты.
Анықтама: 2022 жылдан бері облыста жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жанындағы 6 отбасын қолдау орталығы құрылды (Степногорск, Косшы ққ, Атбасар, Бурабай, Шортанды, Зеренді аудандарында), 2027 жылға дейін тағы осындай 9 орталық ашу жоспарланып отыр.
Кеңес барысында жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Салыққызы Рахматуллина отбасыларды қолдау орталықтарының жұмысы туралы ақпарат берді, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы №256-НҚ бұйрығымен бекітілген Отбасын қолдау орталықтарының қызметін жүзеге асыру қағидаларымен, отбасылардың цифрлық қартасындағы дағдарыстық және шұғыл отбасылар санын азайту алгоритмімен таныстырды.
Степногорск қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанындағы отбасыларды қолдау және жетелеу үлгілі орталығы қалай жұмыс істеп жатқаны туралы орталықтың директоры Салтанат Оспанқызы Жетпісбаева баяндады.
Кеңестің қорытындысы бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болуының алдын алу мақсатында мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларды анықтау үшін аудандар мен қалалардың әкімдеріне Отбасылардың цифрлық картасын қолдануды кеңейту тапсырылды.