2024 жылдың 21 шілдеде 6 сайлау округі бойынша Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округі, Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі, Жақсы ауданы Белағаш ауылы, Сандықтау ауданы Жамбыл, Максимов ауылдық округтері, Целиноград ауданы Тасты ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті.
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 4528 азамат енгізілді, оның ішінде 3328 дауыс беруге қатысты. Әкімге кандидаттар саны – 17 адам.
Барлық 6 сайлау округтерінде әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 4 адам, өзін өзі ұсыну -2.
Сайлаушылардың максималды қатысуы 84.92%(Жақсы ауданы Белағаш округі), минималды – 26.78 % (Ерейментау ауданы Ақмырза ауылдық округі).
Аудан маңызы бар қаланың және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.