Ақмола облысының 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы даму қорытындылары

Облыс аумағының ауданы 146,2 мың ш.км құрайды.

01.06.2024ж. халық саны – 788,8 мың адам, оның ішінде қалалық - 447,8 мың адам (56,8%).

Облыс 17 ауданнан, 3 облыстық және 8 аудандық маңызы
бар қалалардан тұрады.

Ұлттық құрамы: қазақтар – 56,6%, орыстар – 26,5%, басқалар – 16,9%

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 899,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2023 жылғы деңгейге 102,6%.

2024 жылы индустрияландырудың Бірыңғай картасы шеңберінде 185 жаңа жұмыс орнын құрумен 2,3 млрд. теңге сомасына 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде ең ірілері:

- «Tenus» ЖШС құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру зауыты (кеңейту) (Аршалы ауданы, құны – 750 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 90 мың тонна);

- «Garanti Export» ЖШС бұршақ, майлы және дәнді дақылдарды қайта өңдеу кешенін салу (Көкшетау қ., құны – 400 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 48 мың тонна дәнді және бұршақты дақылдар).

  1. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі
    152,2 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2023 жылдың деңгейіне 100,8%.
  2. Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны
    58,5 мың бірлікті құрады, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен 0,4%-ға жоғары.

2024 жылы шағын және орта бизнесті қолдау және дамытуды іске асыруға 10,6 млрд. теңге бағытталды, оның ішінде субсидиялауға – 9,2 млрд. теңге, кредиттерге кепілдік беруге –
644,3 млн. теңге, гранттық қаржыландыруға – 189 млн. теңге, өндірістік инфрақұрылымды жүргізуге – 529 млн. теңге.

  1. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі
    38,8%-ға төмендеп 179,3 млрд. теңгені құрады (төмендеу
    2023 жылғы қаңтар-маусымда теміржол саласына, баламалы энергетикаға ірі инвестициялар салумен байланысты)
    .

Құрылыс жұмыстарының көлемі 70,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді немесе 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 93,5%.
237,5 мың ш.м
тұрғын үй пайдалануға берілді (23,5%-ға төмендеу облыс орталығындағы жылу энергиясының тапшылығына байланысты, ол жалпы облыстық көлемнің 40%-на қамтамасыз етеді).

  1. Жұмыссыздық деңгейі (2024 жылдың 1 тоқсанында) - 4,7%
    (20,2 мың адам). Жастар арасындағы жұмыссыздық (15-34 жас аралығында) – 3,6% (2024 жылдың 1 тоқсанында). Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (108,4 мың адам) – экономикалық белсенді халықтың (426,2 мың адам) 25,4%-ы.

Орташа айлық атаулы жалақы 2024 жылғы қаңтар-наурызда 313,3 мың теңгені құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 14,4%-ға жоғары.

Тұтыну бағаларының индексі 104,3%-ды, оның ішінде
азық-түлік тауарларына - 103%-ды құрады.

  1. 2024 жылға арналған облыс бюджеті - 688,2 млрд. теңге (республикалық бюджеттен трансферттер, субвенциялар - 67,2%).

2024 жылдың 1 шілдесіне 301,3 млрд. теңге немесе қаржыландыру жоспарына 98,5% игерілді.

Мемлекеттік бюджетке 224,8 млрд. теңге салық және басқада міндетті төлемдер түсті немесе болжамға 88,6%, оның ішінде республикалық бюджетке – 119,2 млрд. теңге (болжамға 73,7%), жергілікті – 105,5 млрд. теңге (болжамға 114,9%) түсті.

  1. 2024 жылы әлеуметтік салаға 355,4 млрд. теңге (облыс бюджетінің 51,6%), оның ішінде білім беруге – 273,9 млрд. теңге (39,8%), денсаулық сақтауға – 20,7 млрд. теңге (3%) қарастырылған.

2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту – 92,3%.

Білім беру саласында Целиноград ауданы Өтеміс ауылында 80 орындық мектеп, Көкшетау қаласының №4 арнайы мектеп-интернатына қосымша құрылысы аяқталды.

Біржан сал (Бұланды а.), Сандықтау (Петровка а.), Целиноград (Жаңа Жол а.) аудандарында, Степногорск (Бестөбе к.), Қосшы және Көкшетау қалаларында 6 мектептің, сондай-ақ Целиноград ауданында (Қараөткел а.), Қосшы (1 нысан) және Көкшетау (3 нысан) қалаларында 5 балабақшаның құрылысы жалғасуда.

«Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылыммен 9 мектеп құрылысы жалғасуда: Целиноград ауданында - 7 жоба (Қаражар, Қараөткел, Қабанбай батыр, Қоянды, Ақмол ауылдарында - 1 жоба және Талапкер - 2 мектеп), Көкшетау қаласында -
2 жоба.

Денсаулық сақтау саласында Целиноград ауданы Қоянды ауылында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының құрылысы аяқталды.

Атбасар ауданы Новосельское ауылында ФАП-тың, Біржан сал ауданы Степняк қаласындағы емханамен біріктірілген аурухана құрылысы жалғасуда.

«Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды жүргізе отырып,
35 жобаны іске асыру басталды (11 дәрігерлік амбулатория: Ақкөл ауданының Новорыбинка а., Аршалы ауданының Арнасай а., Ерейментау ауданының Еркіншілік а., Есіл ауданының Свободное және Ақсай аа., Зеренді ауданының
Айдабул а., Целиноград ауданының Арайлы, Жалғызқұдық, Нұресіл, Оразақ аа., Шортанды ауданының Новокубанка а.; 21 ФАП: Ақкөл ауданының Қына, Урюпинка аа., Атбасар ауданының Сергеевка а., Біржан сал ауданының Андықожа батыр а., Бұланды ауданының Новобратское, Партизанка және Алтынды аа., Егіндікөл ауданының Бауман а., Жақсы ауданының Киров а., Зеренді ауданының
Мәлік Ғабдуллин а., Целиноград ауданының Төнкеріс, Қараменді батыр, Мәншүк, Өтеміс, Жаңа Жайнақ, Жарлыкөл, Р. Қошқарбаев және Приречное аа., Шортанды ауданының Пригородное, Төнкеріс және Ключи аа.; 3 медициналық пункт: Целиноград ауданының Раздольное, Шалқар және Ынтымақ ауылдарында).

  1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Қалаларда орталық сумен жабдықтауға - 97,8%, жылумен жабдықтауға - 68,6% қолжетімділік. Ауылдарда орталық сумен жабдықтауға қол жеткізу - 95,2%.

2024 жылы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға 34,6 млрд. теңге бөлінді. Қаражат 23 объектінің құрылысына (10,5 млрд.теңге) және 43 объектіні қайта жаңартуға (21,4 млрд. теңге), 5 жоба бойынша ЖСҚ әзірлеуге (200,8 млн. теңге), іздеу-барлау жұмыстарына (606,9 млн. теңге), 10 объектіні ағымдағы жөндеуге (640,2 млн. теңге), 48 КБМ (1,3 млрд. теңге) орнатуға бағытталды.

  1. 9. Қоғамдық қауіпсіздік.

2024 жылғы қаңтар-маусымда ауыр қылмыстардың 26,9%-ға өскені байқалды, олардың ашылуы 77,8%-ды құрады. Аса ауыр қылмыстар саны 1,7 есе ұлғайды, олардың ашылуы 100%-ды құрады.

 

Дата публикации
17 июля 2024