Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша 2019 жылғы қызметi туралы есепке (бұдан әрi — есеп) облыстың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — облыстың ЖАО) көрсетiлген мемлекеттiк қызметтерi бойынша мәлiметтер қосылды.

2019 жылы Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тiзiлiмiне сәйкес, жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк қызметтiң 189 түрi көрсетiледi (ҚР Үкiметiнiң 30.09.2019 № 726 қаулысымен енгiзiлген өзгерiстерiмен).

2019 жылдың қорытындысы бойынша 4 953 772 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:

- Мемлекеттiк корпорация арқылы — 95 605 қызмет;

- электронды түрде — 4 515 445 (ҮЭП, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң ақпараттық жүйелерi);

- көрсетiлетiн қызметтi берушiлер арқылы — 342 722 қызмет.

Ақысыз негiзде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң саны — 158 түрi, ақылы негiзде — 20 түрi, ақысыз/ақылы түрде — 11 түрi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң барынша көп саны денсаулық сақтау саласында атап өтiлдi:

«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»;

«Дәрiгердi үйге шақыру»;

«Жедел медициналық көмек көрсету».

2. Көрсетiлетiн қызметтi алушылармен жұмыс

«Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес, көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң мемлекеттiк қызметтер көрсетуiне қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртiбi мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбiн айқындайтын заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiде айқындалады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

Барлық мемлекеттiк мекемелерде көрнекi ақпараттармен стендтер орнатылды (стандарттар, өтiнiштер нұсқасы т.б.).

Мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгi мақсатында оларды көрсету сапасын арттыру бойынша iс-шаралар қатары жүргiзiлдi:

- цифрлық сауатталыққа 82 553 адам оқытылды;

- ауылдық округтерде E-gov» қолжетiмдi бұрышы ашылды;

- 261 баннер орналастырылды;

- мобильдi азаматтардың базасында мобильдi телефондардың 251 041 нөмiрi тiркелдi;

- Damumed қосымшасында 164 533 адам тiркелдi;

- цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша бейнероликтер орналастырылды;

- БАҚ-тарда 1 464 түсiндiру материалдары жарияланды;

- ЭЦҚ қолданусыз бір рет қолданылатын құпия сөздер арқылы қызметтің 60 түрі қол жетімді болды;

- мемқызметтердiң мәселелерi бойынша азаматтар қажеттi кеңес алатын 261 жәрмеңке өткiзiлдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк органдардың ресми интернет-ресурстарында «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» тарауы жұмыс iстейдi, онда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет тiзiлiмi, стандарттар, регламенттер, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты, мемлекеттiк қызметтердiң жадынамасы орналастырылды.

Сонымен қатар, облыс, аудандар мен қалалар әкiмдiктерiнiң, басқармалардың ресми интернет-ресурстарында кеңес алу үшiн телефон нөмiрлерi орналастырылды, «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» тарауларында ақпарат өзектендiрiлдi.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн жетiлдiру жөнiндегi қызмет

ЖАО қызметтердiң 189 түрiнiң iшiнен ақпараттық жүйелерi арқылы 132 түрi көрсетiледi, оның iшiнде орталық мемлекеттiк органдардың меншiгiндегi ақпараттық жүйелер арқылы — мемлекеттiк қызметтердiң 117 түрi немесе 89%, Ақмола облысы ЖАО меншiгiндегi ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттiк қызметтердiң 15 түрi немесе 11% көрсетiледi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың балансында 2 ақпараттық жүйе бар:

«электрондық үкiмет» өңiрлiк шлюзi арқылы мемлекеттiк қызметтердiң 12 түрi көрсетiледi (2012 жылдан бастап Ақмола облысында «электронды үкiмет» өңiрлiк шлюзi» ақпараттық жүйесi жұмыс iстейдi, жүйе арқылы 12 мемлекеттiк қызмет автоматтандырылды);

«Akmola.kz» ақпараттық жүйесi (мектепке дейiнгi және мектеп бiлiм беру саласында мемлекеттiк қызметтiң 3 түрi).

2019 жылдан бастап «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет бойынша Тұрғын үй кезегiнде тұрғандарды есепке алудың Бiрыңғай ұлттық жүйесi жұмыс iстейдi.

Қызметтердiң 18 түрi бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң мерзiмдерi қысқартылды.

4. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бақылау

Мемлекеттiк қызметтердi iшкi бақылау және сапасын мониторингiлеу бойынша функция облыс, аудан және қала әкiмдiктерiнiң белгiлi бiр құрылымдық бөлiмшелерiне бекiтiлдi.

2019 жылы мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында заңнама нормаларын сақтау мәнiне 284 бақылаулы iс-шара жүргiзiлдi.

Бақылаулы iс-шараларды жүргiзу барысында мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында заңнама нормаларын бұзудың 193 фактiсi анықталды.

Одан басқа, мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмдерiнiң 2 бұзушылығы анықталды (2018 ж. -2, 2017 ж — 5, 2016 ж. — 9 бұзушылық).

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында заңнама нормаларын бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке меморгандардың 50 қызметкерi тартылды.

Есептiк кезеңде мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына шағымдар келiп түскен жоқ.

Мемлекеттiк қызмет көрсету сапасымен халықтың қанағаттану деңгейiн анықтау мақсатында, 2019 жылы «Зор рух» қайырымдылық қоры» жеке қорымен қоғамдық мониторинг өткiзiлдi. 2019 жыл бойынша Ақмола облысы ЖАО мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтерiмен көрсетiлетiн қызметтi алушылардың қанағаттану деңгейi — 87,6% (ҚР бойынша орташа деңгей — 69,3%).

5. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң сапасымен қанағаттануын одан әрi арттырудың және тиiмдiлiгiнiң перспективасы

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын арттыру арттыру мақсатында 2020 жылға мынадай iс-шаралар жоспарланды:

1.2019 жылғы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасының қоғамдық мониторингiсiнiң қорытындысын ескере отырып, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру бойынша шара қолдану;

2.жеке кесте бойынша өңiрлерге бару арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң мәселелерi бойынша арнайы оқыту жүргiзу;

3.мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру бойынша қабылданатын шаралар туралы жиналыстар өткiзу;

4.мемлекеттiк қызметтер саласында заңнаманы сақтау мәнiне бақылаулы iс-шараларды өткiзу;

5.«Электронды үкiмет» порталы арқылы өтiнiштердiң санын арттыру;

6.мемлекеттiк қызметтердiң уақытында көрсетiлуiне уақытылы мониторинг жүргiзу;

7.мүмкiншiлiктерi шектеулi тұлғалар үшiн, олар мемлекеттiк қызметтi алуы барысында қажеттi жағдайлар жасау (пандустар, шақыру түймешегi);

8.көрсетiлетiн қызметтi алушылар шағымдарының уақытында қаралуын қамтамасыз ету, өтiнiш бiлдiруге негiз болған себептер мен жағдайларды жою бойынша дәйектi шаралар қолдану;

9.көрсетiлетiн қызметтi алушылардың мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi туралы әлеуметтiк желiлер арқылы ақпараттандырылуын қамтамасыз ету;

10.мемлекеттiк қызметтердiң жәрмеңкесiн өткiзу.

Ақмола облысы жергiлiктi атқарушы органдарының 2019 жылғы қызметi туралы есептерiнiң жария талқылауларын жүргiзу нәтижелерi жөнiнде қорытынды

Дата публикации
22 сентября 2020