Ақмола облысының 5 сайлау округі бойынша тағайындалған 6 ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау науқаны өтіп жатыр.
Бұл ретте 1 мерзімінен бұрын кетуіне байланысты (тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты), 5 әкім өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты сайланады.
21 кандидат ұсынылды, оның ішінде «АМАНАТ» саяси партиясы – 4 (19%);
өзін-өзі ұсыну арқылы - 17 (81%).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегендіктен 2 кандидат, құжаттардың толық бермеуіне (сайлау жарнасын төлемеу) салдарынан 1 кандидат алынып тасталды.
Барлығы 18 кандидат тіркелді, оның ішінде 4 (22%) – «АМАНАТ»
саяси партиясынан; өзін-өзі ұсыну арқылы 14 (78%).
Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,0 адамды құрайды.
18 үміткердің 5-і (28%) -әйелдер.
Үміткерлердің 10 – белсенді мемлекеттік қызметші, 4 – аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері,
1 – коммерциялық құрылым қызметкері, 2 – бюджеттік саланың қызметкері,
1-басқалар.
Орташа жас – 41,3 жаста болса, ең кішісі-29 жаста, ең үлкені -52 жаста.
Кандидаттардың 4 (22%) өздері сайлауға түскен ауылдық округтерден болса,
14 (78%) басқа аулдық округтерден болады.