Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың қаңтар-мамырда Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

2024 жылдың қаңтар-мамырда Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 138 162,2 млн. теңгені (НКИ – 99,2%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1 160,2 млн. теңге (НКИ –100%), мал шаруашылығы – 136 985,4 млн. теңге (НКИ – 99,2%) құрады.

Облыста барлығы 9361 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 1923 - заңды тұлғалар, 695 - жеке кәсіпкерлер, 6743 - шаруа-фермерлік қожалықтары.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 2024 жылғы қаңтар-мамырда 30,7 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 87,7% құрады.

2024 жылғы қаңтар - мамырда азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 3,0 млрд. теңгені немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 62,2% (қайта өңдеу кәсіпорындарына салынған күрделі салымдарды төмендету есебінен) құрады.

2024 жылғы қаңтар – сәуірде ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты 91,4 млн. АҚШ долл. немесе 2023 жылғы ұқсас кезеңге 64,4% (2023 жылғы қаңтар-сәуір айларында-141,9 млн. АҚШ доллар).

(заттай түрде - 357,1 мың тонна немесе 79%, 2023 жылғы қаңтар-сәуірде-452,3 мың тонна).

Ауыл шаруашылығы өнімі экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 18,1% - құрайды (16,5 млн. АҚШ долларға 56,8 мың тонна).

(5 айдағы Статистика ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кейін жарияланады).

Облыстың ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған халық саны – 21,8% жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан (жұмыспен қамтылғандардың барлығы – 406 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында – 88,4 мың адам (2024 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша).

2024 жылдың 1-тоқсанында ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы 207 мың теңгені құрады, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9% - ға өсті.

Дата публикации
25 июня 2024