Ағымдағы жылдың 2 мамырында Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы Д.Е. Айтбаевтың төрағалығымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау бойынша кеңес өткізілді.
Жария талқылауға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің өкілдері, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі, облыстық басқарманың басшылары, жобалық офисінің басшысы, үлгілік базалық бағытты іске асыруға жауапты менеджерлер қатысты.
Кеңес барысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, ветеринария, цифрландыру және архивтер, ішкі саясат, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларында сәуір айында бекітілген кестеге сәйкес жүргізілген ішкі талдаулардың нәтижелері талқыланды.
Кеңес нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға осы жұмысты тұрақты және барынша сапалы жүргізу және қол жеткізілген көрсеткіштермен шектелмеу тапсырылды. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» №4 үлгілік базалық бағытын іске асыру бойынша қойылған міндеттерді белсенді пысықтау