2024 жылдың 16 маусымда 9 сайлау округі бойыншаБіржан сал ауданы Уәлиханов ауылдық округі; Бурабай ауданы Веденов ауылдық округі; Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылы; Есіл ауданы Орловка ауылы, Жаныспай, Свободный ауылдық округтері; Жарқайың ауданы Жанадала ауылдық округі; Зеренді ауданы Чаглинка ауылдық округі;Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округі
Сайлау округтері бойынша сайлаушылар тізіміне 9071 азамат енгізілді, оның ішінде 4082 дауыс беруге қатысты. Әкімге кандидаттар саны – 24 адам.
Барлық 9 сайлау округінде әкімдер сайланды. Оның ішінде: «AMANAT» партиясы ұсынған - 3 адам, өзін өзі ұсыну -6.
Сайлаушылардың максималды қатысуы 66.45%(Есіл ауданы Свободное ауылдық округі), минималды – 26.78 % (Целиноград ауданы Арайлы ауылдық округі).
Аудан маңызы бар қаланың және ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарламалар облыстық аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылып, Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.